Отандасымыз суперфиналда ел намысын қорғады. Нәтижесінде Ерлан төрешілердің шешімімен 54.69 ұпай жинап, үшінші орын алды.
Қытайлық Янь Ланъюй жарыста топ жарды - 65.09. Оның отандасы Ван Цзысай күміс медальға ие болды - 63.83.
Бұған дейін Роман Барков финалда сегізінші орын алып, суперфиналға өте алмаған еді.
Айта кетейік, Ясмина Тоқсанбаева жеңіл атлетикадан әйелдер арасында спорттық жүрістен марафон қашықтықты 3 сағат 22 минут 20 секунда бағындырып, мәреге бірінші болып жетті. Осылайша ол Қазақстанға тоғызыншы алтынды сыйлады.
Ал қазақстандық спортшы Альфия Тілекқабыл пара дзюдодан әлем чемпионы атанды.