Ерлан Тұрғымбаев АҚШ елшісі Уильям Мозермен кездесті
19:03, 27 Қыркүйек 2021
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев АҚШ-тың Қазақстандағы өкілетті елшісі Уильям Мозермен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тараптар мамандарды даярлау саласындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтті. Жаңа қауіп-қатерлерге, интернет-алаяқтыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимылдағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, ведомство басшысы америкалық тарапқа ішкі істер органдарын реформалау саласында қабылданып жатқан шаралар, соның ішінде пенитенциарлық жүйені жаңғырту туралы айтып берді.