«Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уильям Мозермен кездесті. Тараптар бірнеше бағытта ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасты. Оның ішінде ішкі істер саласын реформалау бағытындағы ортақ жобалар туралы және адам саудасы қылмыстарына қарсы тұру мәселелері талқыланды», - деді Нұрділдә Ораз.
Сонымен қатар ресми өкіл кездесуге қатысушылар ішкі істер органдарына кадрлар дайындау жүйесін жетілдіру саласындағы өзара іс-қимылдың оң нәтижелерін атап өткендігін айтты.