«Ол қызметінен кетуге рапорт берді. Біз оның осыөтінішін қанағаттандыруға келістік», - деді Е. Тұрғымбаев Үкімет отырысынанкейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.
Сонымен қатар министр аталған қызметкердіңжұмыстан кетуіне не себеп болғанын түсіндірді.
«Бұл мәселеде мемлекеттік қызметшінің этикасыбұзылды. Оның айтқан сөздері ресми емес жазбада жарияланды. Біз оған қатыстыешқандай шешім шығарған жоқпыз», -деді ведомство басшысы.
Еске салсақ, бұған дейін М. Абисатовтың сөзіжазылған аудиофайлдар желіде тараған болатын. Бұл таспада генералқызметкерлердің жұмысын сынап, балағат сөздерді айтқанын байқауға болады.
Айта кетейік, Махамбет Хайыржанұлы АбисатовҚазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне биыл сәуірде тағайындалған болатын.