Ерлан Тұрғымбаев қырғыз, өзбек және тәжікстандық әріптестерімен кеңес өткізді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдеріндегі әріптестерімен кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ІІМбаспасөз қызметінен хабарланып отырғандай, 8-10 тамыз күндері аралығында Алматыда Қазақстан,Қырғызстан, Тәжікстанмен Өзбекстан Республикаларыішкіістер министрлерінің екінші кеңесі өтеді. Іс-шара аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастықтынығайту шеңберінде өткізіледі. Аталған елдердің Мемлекет басшыларыбылтыр 15 наурызда елордада өткен кездесуде осындай өзара іс-қимылдың жаңаформатына бастамашылық еткен болатын.

Кеңес жұмысына Қазақстан Ішкі істер министріЕ.Тұрғымбаев, Тәжікстан Ішкі істер министрі Р. Рахимзода, Өзбекстан Ішкі істерминистрі П. Бобожонов, Қырғызстан өкілі А. К. Долосбаев, ішкі істерминистрліктерінің орталық аппараттарының, сондай-ақ шекара маңындағы ішкі істероргандары қызметтерінің басшылары қатысты. Кездесу барысында ішкі істероргандарының заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл, қылмыскерлерді іздестірусаласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ бөтен мүлікті ұрлауға қарсы әрекет, шекарамаңындағы өңірлердің өзара іс-қимылының өзекті мәселелері қаралды.

«Шолпан-Атақаласында өткен бірінші кеңестен бері бір жыл өтті. Бүгінгі таңда өткен жылғыкездесуде қол жеткізілген, бірлескен келісімдер, әсіресе шекара маңындағыөңірлерде ынтымақтастықты нығайтудақосымша серпін берді деп айтуға барлық негіз бар. Біз қырғыз, тәжік және өзбекәріптестермен екіжақты негізде де, көпжақты форматта да жемісті ынтымақтастықорнаттық. ТМД кеңістігінде, ШЫҰ және басқа да бірқатар халықаралық ұйымдаршеңберінде қылмысқа қарсы күрестің бірлескен бағдарламаларын іске асырудамыз.Қазіргі кезде есірткі қылмысына, терроризмге және экстремизмге, заңсыз көші-қонға,сондай-ақ трансұлттық ұйымдасқан топтардың қызметіне байланысты күш-жігеріміздібіріктіруіміз керек. Әрине, мұнда кешенді тәсіл, біздің стратегиямызды жәнеөзара іс-қимыл тактикасын жетілдіру қажет. Осы тұрғыдан алғанда, біздің кеңес –проблемалық мәселелерді талқылау және ықтимал қауіптердің алдын алуғабағытталған уақтылы шешімдер қабылдау үшін қолайлы алаң болып табылады», - депатап өтті Ерлан Тұрғымбаев.

Отырыс қорытындысы бойынша, ішкі істер министрлері кеңесХаттамасына қол қойды.

Бұдан басқа, делегация басшылары трансшекаралыққылмысқа қарсы күресте Орталық Азия өңірі мемлекеттерінің ішкі істероргандарының күш-жігерін үйлестіруге арналған өңірлік консультативтік-кеңесшіорган ретінде Кеңес қызметінің құқықтық негіздерін бекітті.

Соңғы жаңалықтар