Ерлан Тұрғымбаев зорлау туралы: Ауыр қылмыстың жазасы да ауыр болуы керек

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев адам зорлау қылмыстарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Адам зорлауқылмысы бізде заңнамалық тұрғыда жан-жақты ескерілген. Арнайы баптың бірінші,екінші, үшінші бөлімі бар. Топтық зорлау жеке қарастырылған. Оның жазасы дақатал. Дегенмен, әр жағдайды жеке алып қарау керек. Мен адам зорлау өте ауырқылмыс деп санаймын. Мұндайда зәбір көрушінің азамат ретінде де, әйел ретінде де конституциялық құқығы тапталады. Біреудің жеке еркіндігіне қол сұғу арқылыар-мен ұжданы қорланады. Сондықтан, бұлауыр қылмыс, оның жазасы да ауыр болуы тиіс», - деді министр елордада өткеназаматтарды қабылдау шарасынан кейін.

Ол БАҚөкілдеріне қылмыстық-процессуалдық кодекске енуі мүмкін өзгертулер ментолықтырулар туралы да айтты.

«Қазір Баспрокуратура Ішкі істер министрлігімен бірге және өзге де құқық қорғауоргандарымен бірлесіп қылмыстық-процессуалдық кодекске өзгертулер дайындапжатыр. Оның ішінде түзету мекемелеріне қатыстысы да бар. Түрмедегі азаптауоқиғалары естеріңізде болар, қылмыстық атқару жүйесіне жүргізіліп жатқанреформаны қайта құрылымдайтын боламыз. Қолданыстағы Қылмыстық-атқару кодексіне 60-тан астамөзгерту ұсындық. Осының бәрі ІІМ бұйрығымен емес, заңмен реттелетін болады.Ұсыныстардың бәрі Бас прокуратураға жолданды. Ол жерден Парламентке түсіп,талқыланады», - деді Ерлан Тұрғымбаев.