АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 27 қыркүйек күні дзюдодан Президент кубогы басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жалпы үш күнге созылатын бұл дода елімізде алғаш рет ұйымдастырылғалы отыр. Аталған сында дзюдошылар команда бойынша сынға түседі.
Жарысқа 2000 жылға дейін туған ер спортшылар қатыса алады.
Президент кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен қатар, қаржылай сыйлықтармен марапатталады.
Жарыс Ақтөбе қаласындағы «Жекпе-жек» спорт кешенінде өтеді.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.