«27 қазанда сағат 08:00–ден 14:00–ге дейін № 12, 15, 15 А, 18, 19, 21, 32, 35, 43, 46, 50, 55 А, 55 Б, 61, 70 бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді. Себебі, LRT эстакадасында уақытша металл конструкцияларды демонтаждауға байланысты, Мәңгілік Ел даңғылы бойында Сығанақ көшесімен қиылысында қозғалыс жабылады», — деп жазды «City Transportation Systems» ЖШС.
Ведомство елорда тұрғындары мен қонақтарынан сапарларын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұрайды.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда жолаушы автобуста жанжал шығарғанын жазғанбыз.