«Америкалық стартап ARC Drones негізін қалаушылар Әлібек Елтай және Әсел Тұрсын еліміздегі су тасқынымен күресте көмекке автономды дрондарды ұсынды. Дрондар медициналық қажеттіліктерді, гуманитарлық көмекті, азық-түлік және басқа да қажетті тауарларды шалғай аймақтарға жеткізеді. Қазақстанға дрондар бүгін әкелінеді, ал ертең Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесе Атырау қаласында жүкті жеткізуді жоспарлап отыр», - деді Альбина Әтен Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Ресми өкілдің мәлімдеуінше, Astana Hub су тасқынын басқару бойынша 30-дан астам инновациялық шешімдерді жинақтап, Төтенше жағдайлар министрлігіне қарауға ұсынды.
Еске сала кетейік, су тасқынына ұшыраған өңірлерге гуманитарлық көмекті дрондар арқылы жеткізілетіні туралы хабарлаған едік.