12:12, 28 Қазан 2013
Ертең Үкімет отырысында білім және ғылым мәселелері қаралмақ
АСТАНА. 28 қазан. ҚазАқпарат - Ертең Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен өтетін Үкіметтің дәстүрлі отырысында білім және ғылым мәселелері қаралады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
«Үкімет отырысында білім және ғылым саласындағы басымдықтар, сондай-ақ 2014 жылы Үкімет тарапынан жоспарланып отырған заң жобалар жоспары және заң жобалау жұмыстарының 2015-2016 жылдарға арналған перспективалық жобалары басты назарда болады», - деді ресми өкіл. Оның сөзіне қарағанда, осы мәселелер төңірегінде ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов пен Әділет министрі Берік Имашев баяндама жасайтын болады.