«Ертіс» футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

Фото: «Ертіс» ФК

АСТАНА. KAZINFORM – Павлодарлық «Ертіс» футбол командасын енді Ринат Алюетов жаттықтырады. 

35 жастағы маман Қазақстан Премьер-лигасында «Жетісу», «Жеңіс» және «Тұран» клубтарын жаттықтырған.

2023 жылы Бірінші лигада «Елімайдың» бас бапкері Самат Смақовтың көмекшісі болды. Сол жылы семейлік команда топ жарып, жоғарғы дивизионға жолдама алды. 

Сонымен қатар Өскемендегі «Алтай» футбол орталығында, «Жетісу» жастар құрамасында және 16 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасын жаттықтырып, жас футболшылармен жұмыс істеді. 

Фото: «Ертіс» ФК

Ол бұған дейін 2024 жылдың желтоқсан айында «Каспий» футбол командасының бас бапкері болып тағайындалған. Бірақ 2025 жылдың қаңтар айында ақтаулық клубпен ресми бір ойын өткізбестен қош айтысты. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын футболдан Бірінші лиганың ІХ тур ойындары басталатынын хабарлаған едік.