Бүгін футболдан Бірінші лигада 9-тур ойындары басталады
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін, 22 мамырда футболдан Бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының 9-тур ойындары басталады.

Аталған тур ойындары 12-13 маусым күндеріне белгіленген.
Бүгін, 12 маусымда «Ақтөбе-2» мен «Академия Оңтүстік» (Шымкент), «Екібастұз» (Павлодар облысы) пен «Тараз», «Хан тәңірі» (Алматы) мен «Түркістан», «SD Family» (Астана) мен «Алтай» ойнайды.
Ал 13 маусымда «Шахтер» (Қарағанды) мен AKAS (Алматы), «Қайрат-2» (Алматы) мен «Жетісай» (Түркістан облысы), «Ертіс» (Павлодар) мен «Каспий» (Ақтау) ойнайды.
Турнир кестесінде алғашқы екі орынға ие болған командалар алдағы жылы Премьер-лигаға қатысуға тікелей жолдамаға қол жеткізеді.
Биыл «Шахтер», «Ертіс», «Каспий» командалары үздіктер қатарында болады деп болжанып отыр.
Алты турдан кейін «Каспий», «Шахтер», «Ертіс», «Алтай» командалары алғашқы орындарды өзара бөлісіп тұр.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Бірінші лигада «Алтай» қатарынан төртінші мәрте жеңіске жетті.