Ержан Қазыхан Президенттің көмекшісі қызметінен босатылды

Фото: Мухтор Холдорбеков / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM –  Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Қазыхан Қазақстан Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

– Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Хозеұлы Қазыхан Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.

Ержан Қазыханов Ирландия мен Исландиядағы ҚР елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалғанын жазған едік.