- Білім беру объектілерінің терроризмге қарсы қорғалу деңгейін тексеру жалғасып келеді. Биыл 1 517 нысан тексерілді, 345-інде кемшіліктер анықталды. 112 басшы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді Е. Сәденов.
Сонымен қатар ол жазғы демалыс аясында білім беру ұйымдарында бірқатар кешенді шаралар қабылданғанын жеткізді. Атап айтқанда:
– құқықтық лекциялар бойынша сабақтар (42 мың);
– «Заң мен Тәртіп» қағидатын түсіндіру жұмыстары;
– «жеке қауіпсіздік» сабақтары ұйымдастырылды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Үкімет отырысында мейрамханаларда мектеп бітіру кештерін ұйымдастыруға тыйым салынғаны айтылды.