Ержан Сәденов патрульдік автокөліктерді мобильді кешендермен жабдықтамаған өңірлерге шағымданды

АСТАНА. KAZINFORM — Еліміздегі патрульдік көліктердің 86 пайызы мобильді кешендермен жабдықталмаған. Бұл туралы Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов айтты.

Фото: Үкімет

— Соңғы 10 жылда Үкіметтің қолдауымен полицияның материалдық-техникалық жағдайы біраз жақсарды. Ел бойынша патрульдік автокөліктердің саны — 3 мыңға жетті. Бірақ, өкінішке орай олардың 86 пайызда пайызында мобильдік кешендер жоқ. Бұл дегеніміз — жасанды интеллектіні қолдануға, жылдамдықты асыру, іздеуде жүрген көліктерді анықтауға, оқиға орнына барған кезде қажетті мәліметтерді жедел жинақтауға мүмкіндік шектеулі, — деді министр.

Оның айтуынша, бұл цифрлық шешімдер жергілікті бюджет есебінен сатып алынады.

— Алайда, әкімдіктер бұл жұмысты барлық жерде бірдей белсенді жүргізіп жатқан жоқ. Әсіресе, 14 өңір бойынша сұрақ көп. Қарағанды, Қызылорда, Жетісу, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында жабдықталу деңгейі 17 пайыздан аспайды, — деді Ержан Сәденов.

Айта кетейік, отырыста жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралып, жылу беру маусымына дайындық барысы пысықталып жатыр