АСТАНА. KAZINFORM - Таэквондодан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне Есбол Сұлтанов тағайындалды.
Қазақстандық жанкүйерлер оны Тунис құрамасында қызмет атқарғанын кезінен жақсы біледі. Ол аталған елде 2023 ылдан бері еңбек етті. 2024 жылы Париж Олимпиадасында ол тәлім үйреткен Фирас Катусси алтын алса, Мохамед Халиль Джендуби қола жүлдеге қол созды.
Нәтижесінде Есбол Сұлтанов Халықаралық таэквондо федерация тарапынан жоғары бағаланып, жыл бапкері атағына лайық деп танылды.
Қазақстандық маманның Тунис құрамасымен келісімшарты аяқталды. Енді ол Қазақстан ұлттық құрамасын жаттықтыруға мүмкіндік алды.
Өткен жылы оның африкалық құрамамен келісімшарт мерзімі бітіп, елге оралуға дайын екені жөнінде хабарланған еді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қысқы Универсиадада 15 қаңтарда қазақстандық жастар қандай спорт түрлерінен сайысқа түсетіні хабарланды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.