Қысқы Универсиада: 15 қаңтарда қазақстандық жастар қандай спорт түрлерінен сайысқа түседі
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін, 15 қаңтарда Италияның Турин қаласында 2025 жылғы Қысқы универсиаданың екінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар шаңғы жарысы (ерлер, әйелдер), парашаңғы жарысы фристайл жұптық-могул және шайбалы хоккейден сынға түседі.

Сағат 13:30-де шаңғы жарысы (10 шақырым) ерлер арасында Ернұр Бексұлтан, Әмірғали Мұратбеков, Ілияс Исабе, Нартай Тұрлыбекұлы, Сұлтан Базарбеков жарыс жолына шығады.
Одан кейін 16:00-де әйелдер арасында Лаура Кинебаева, Мария Геращенко, Анастасия Ротова, Елизавета Толмачева, Әсем Жұмағазиева және Алеся Бочкарева ел намысын қорғайды.
Сондай-ақ 14:00-де парашаңғы жарысынан (10 шақырым) Денис Зинов пен Роман Құрбановқа сенім артамыз.
Сағат 15:00-де фристайлда жұптық-могулдан Анастасия Городко, Аяулым Әмренова, Фёдор Бугаков, Антон Бондарев, Семён Русаков, Максим Емельянов сайысқа түседі. Ал 19:00-де финалдық сайыс болады.
Екінші жарыс күнін сағат 00:00-де шайбалы хоккейден ерлер арасында Қазақстан - Канада кездесуі түйіндейді.
Айта кетсек, Ерлер арасындағы шайбалы хоккей ойыны, парашаңғы жарысы (10 шақырым) ұйымдастырушылар тарапынан телеарна мен сайттан көрсетілмейді.
Қалған ойындарды «Qazsport» телеарнасынан тамашалауға болады.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қысқы универсиадада хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Оңтүстік Кореяны ірі есеппен жеңді.