Қысқы универсиада: Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Оңтүстік Кореяны ірі есеппен жеңді

АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылғы Қысқы универсиадада шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы екінші ойынын Оңтүстік Кореяға қарсы өткізді. 

хоккей
Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

Кездесу барысында қазақстандық хоккейшілер сенімді ойын өрнегін көрсетті. Бірінші кезеңде қазақстандық Александр Панченко 9-минутта есеп ашса, одан кейін 10-минутта Николай Шульга басымдықты арттырды. Ойынның 18-минутында Руслан Демин мергендік танытты.

Екінші кезеңде Андрей Буяльский 35-минутта гол соқса, 38-минутта Кирилл Никитин көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Үшінші кезеңде кореялық хоккейшілер есеп айырмасын бір голға қысқартса, қазақстандық Семен Симонов 51, Денис Чапоров 57-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. 

Енді қазақстандық хоккейшілер 15 қаңтарда Канада, 17 қаңтарда Чехиямен шеберлік байқасады. 

Ерлер құрамасы бұған дейін алғашқы ойында Швециядан 9:2 есебімен басым түсті. 

Соңғы жаңалықтар