Ешкімге айып таққым келмейді – Ұлдана Мырзуанның анасы

АСТАНА. KAZINFORM — Қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның анасы Сәлима Омарова сот кулуарында тілшілерге сұхбат берді және өзінің талап-арызын айтты.

Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

— Менің талабым әділдік орнаса деймін. Сот шешімі бойынша ешкімге жаза немесе айып таққым да келмейді. Тек заң аясында шешілсін, — деді деді С. Омарова сот кулуарында тілшілерге берген сұхбатында.

Бұған дейін марқұм фельшердің күйеуі Әділет Зейнел сот отырысында жәбірленуші болудан бас тартатыны хабарланған еді.

Ұ. Мырзуанның туыстары мұның дұрыс болғанын, моральдік құқығы жоқ екенін айтуда. 

— Күйеубаламен сөйлеспедім. Ол басында маған басынан аяғына дейін жеткізуге уәде берген, аманатқа қиянат жасамаймын деген. Адамгершілік қасиеттен қиянат жасайды деп ойламадым. Ана ретінде мен оған қатты сенген едім, сенімді ақтамады. Сондықтан жәбірленуші болудан бас тарт деп айттым. Ол алдымызға келген жоқ. Бүгінгі сотқа танымайтын бөтен адамдар сияқты кірді, амандасқан жоқ, — деді С. Омарова.

Айта кетейік, былтыр күзде елордадағы тұрғын үйде кірпіш қаптамасы құлап, мерт болған Ұлдана Мырзуанға қатысты іс сотта қаралып жатыр. Онда Пәтер иелері кооперативінің төрағасы айыпталушы ретінде жауапқа тартылған.

23 жасар Ұлдана Мырзуан 2025 жылғы 18 қарашада қызметтік міндетін атқару кезінде көз жұмды.

8 қарашада елордада тұрғын үй кешенінің қасбетіндегі кірпіш қаптамасы мен кондиционер қондырғысының бөлігі құлап, салдарынан 5 адам зардап шекті. Зардап шеккендердің бәрі № 1 көпсалалы ауруханаға жеткізілді.

Мемлекет басшысы қаза тапқан фельдшерді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады.