«Өңірлер бойынша айтсақ, синтетикалық есірткінің ең көп мөлшері есірткі зертханалары табылған өңірлерден тәркіленді. Ақтөбе облысында –36 келі, Қарағанды облысында – 16 келі және Алматы қаласында – 13 келі синтетикалық есірткі тәркіленді», - деді ол.
Берікхан Нұрғалиев мәліметі бойынша, жалпы есірткінің көп мөлшері жабайы карасора алқаптары анықталған өңірлерде тәркіленген.
«9 айдың қорытындысы бойынша, тәркіленген жалпы ескрткінің көлемі бойынша Түркістан облысы алда келеді – 5 тонна. Жамбыл облысында 3 тонна есірткі тәркіленді. Үшінші орында Шығыс Қазақстан облысы тұр.
Ал Атырау облысында –17 келі, Батыс Қазақстан облысында – 23, шымкент қаласында – 57 келі есірткі табылды. Бұл ең аз көрсеткіш тіркелген өңірлер», - деді ІІМ өкілі.