АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде есірткіге еліткен автобус жүргізушісі ұсталды. Ол еш кедергісіз қала ішіндегі қоғамдық көлікті айдап жүрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбеде «Автобус» жедел-алдын алу шарасы өтті. Бір апта ішінде 200-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Ақтөбе қаласы аумағында қоғамдық көлік тасымалымен шұғылданатын «Автопарк» ЖШС жүргізушісі ұсталды. Ол есірткі пайдаланған күйінде рөлге отырған. Сонымен қатар, «Самара-Шымкент» тасжолында автобус жүргізушісі қолға түсті. Жүргізушіде куәлік болмай шықты. Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды ,- деді Жергілікті полиция қызметінің бөлім бастығы Айдос Құлжанов.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.