Астана қаласында 23 желтоқсанда көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан 18-23 м/с жел соғады.
23 желтоқсанда Ақмола облысы бойынша оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 18-23, күндіз кей жерлерде екпіні 30 м/с күтіледі. 23-24 желтоқсанда Жамбыл облысы бойынша оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 18-23 м/с, күндіз 23, түнде 24 желтоқсан кей жерлерде желдің екпіні 30 м/с жетеді. 24-25 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы бойынша оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, 24 желтоқсанда кей жерлерде екпіні - 30 м/с. 24-25 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, 25 желтоқсанда тау асуларында жел екпіні 30 м/с күтіледі.