- Қоғамда есірткі көмгіштерді полиция қызметкерлерінің өзі бүркемелеп отырғаны туралы түсінік бар. Осыған не дейсіздер, - деп сұрады одан журналист.
ІІМ өкілі бұл қате түсінік деген жауап айтты.
- Есірткі жасырғыштар ғана жауапқа тартылады деген мәселеге тоқталсақ, бұл өте күрделі процесс болғандықтан, есірткі саудасына қатысатын тізбектің әр буыны жауапқа тартылады. Мысалы, биыл интернет арқылы есірткі саудасын ұйымдастырған 13 адам жауапқа тартылды. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда екі есе көп. Оның сыртында ұйымдасқан қылмыстық топтың 52 мүшесі жауапкершілікке тартылды, - деді ол.
Медетбек Смағұлов БАҚ өкілінің нақтылау сұрағына Ішкі істер қызметінің ешбір өкілі есірткі көмгіштердің қылмысын бүркемелеу күдігімен ұсталмағанын мәлім етті.
Айта кетейік, Конституцияның 30 жылдығына орай жарияланған рақымшылық есірткі көміп, таратқаны үшін сотталған жастарға қолданылған жоқ.