Есірткі таратты деп күдікке ілінген қазақстандықтар Черногорияда қамауға алынды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Черногорияның Бар қаласында халықаралық іздеуде жүрген екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Ведомство атап өткендей, қаскөйлер есірткі және психотроптық заттарды сату; оларды тұтынуға итермелеу; ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болу; лауазымды тұлғаға пара беру сынды әрекеттерге барды деп күдікке ілінген. 

Фото: ҚР ІІМ

 

— 2024 жылдың басында күдіктілер Telegram мессенджері арқылы интернет-дүкен ашып, есірткі және психотроптық заттарды сатқаны анықталды. Қылмыстық схема бойынша олар курьерлік жұмысқа қабылдау туралы хабарландырулар арқылы басқаларды тартумен, сондай-ақ барлық заңсыз әрекеттерді үйлестірумен және қаржыландырумен айналысқан. Қазіргі уақытта күдіктілер Черногория аумағында қамауда, — делінген хабарламада.

Осыған дейін Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов есірткі сататын сайттардың анонимді қолданушыларын әшкерелеуге не кедергі екенін айтты.