Эстонияда дауылдан кейін 8 мыңнан астам үй жарықсыз қалды

АСТАНА. KAZINFORM — Эстонияда соққан күшті дауыл салдарынан 8 мыңнан астам үй шаруашылығы электр жарығынсыз қалды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Фото: upl.uz

Бұл туралы Эстонияның қоғамдық телерадио корпорациясы хабарлады.

Электр желілері операторының мәліметінше, электр қуатының үзілуінен елдің шығыс, солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлері көбірек зардап шеккен.

Мамандардың айтуынша, дауыл батысқа қарай ойысқаннан кейін басқа өңірлерде де электр энергиясының үзілу қаупі сақталып отыр.

Дауылдың салдарын жою үшін ең көп зардап шеккен аймақтарға 20 маман жіберілді. Демалыс күндері қосымша жөндеу бригадалары жұмылдырылып, электр желілерін басқару орталығының жұмысы күшейтілді.

Компания басшысы Михкель Хярм жөндеу топтары кеш бойы жұмыс істегенін және түнде де жұмыстарды жалғастыратынын айтты.

Оның сөзінше, кейбір ақауларды жексенбі таңына дейін толық қалпына келтіру мүмкін болмауы ықтимал.

Бұған дейін Эстонияның Қоршаған ортаны қорғау агенттігі найзағай, қатты жел және бұршақ қаупіне байланысты қауіптің екінші деңгейін жариялаған болатын. Ескерту сенбі күні түнгі сағат 00:00-ге дейін күшінде болды.

Осыған дейін «Бави» тайфуны Жапонияның Окинава аралдарына жетекні туралы жаздық.