Спортық аяқ киімінің табанына аяқты басқанда ондағы HyperAdapt 1.0 сенсоры пайдаланушының салмағын анықтап, етіктің бауын байлайды. Пайдаланушы баудың қатты әрі бос байлануын аяқ-киімнің қонышындағы батырманы баса отырып реттейді.
Егер батырманы басып тұрса, механизм бауды толық босатады. Nike аяқ-киім иесінің белсенділігі байланысты бауды автоматты түрде өзгерту үшін сенсор жұмысын жетілдіруде. Бұл үшін биометриялық сенсорлар барлық қажетті ақпаратты жинайды.
Біраз уақыт өткен соң аяқ-киім пайдаланушысына қолайлы режимді таңдай алуды үйренеді.
Бауын автоматты түрде байлайтын аяқ-киімнің басты кемшілігі - оны шамамен екі аптада бір рет қуаттау керек.
HyperAdapt 1.0 биыл сатуға шығарылады, оның бағасы әзірге белгісіз.