АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 наурыздан 25-не қараған түні футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сатысы бірінші турындағы екінші ойын күні өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл күні ойындар В, E, F, G топтарында өткізіледі.
Басты ойынның бірі В тобындағы Франция - Нидерланд құрамалары арасында болады.
Кездесу елорда уақытымен 01:35-те басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Франция өткен жылғы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанса, Нидерланд 1/4 финалға дейін жетті.
24 наурызда өтетін барлық ойын кестесі:
В тобы
Гибралтар - Грекия
Франция - Нидерланд
E тобы
Чехия - Польша
Молдова - Фарьер аралдары
F тобы
Австрия - Әзербайжан
Швеция - Бельгия
G тобы
Сербия - Литва
Болгария - Черногория
Еске салсақ, 23 наурызда Еуропа чемпионатының іріктеу сатысы бірінші турында Қазақстан құрамасы Словенияға жол берді.
Сондай-ақ, сол күні C, H, J топтарында алғашқы тур ойындары өткізілді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.