EURO 2024: Финляндия мен Қазақстан матчына төрешілер белгіленді
01:29, 17 Қазан 2023
Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысындағы Финляндия мен Қазақстан кездесуіне төрешілер белгіленді, деп хабарлайды Kazinform.
Ойын 17 қазаннан 18-не қараған түні елорда уақытымен 22:00-де Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Кездесуде босниялық төрешілер бригадасы қызмет атқарады.
Бас төреші — Ирфан Пельто, оған Сенад Ибрисимбегович пен Давор Бельжо көмекшілік жасайды.
Төртінші төреші — Милош Гигович.
Жеті турдан кейін H тобында 16 ұпаймен Словения мен Дания көш басында тұрса, одан кейінгі орындағы Финляндия мен Қазақстанның 12 ұпайы бар.
Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық футболшылар Данияға есе жіберді.