EURO 2024: Қазақстан құрамасы Данияға есе жіберді

чемпионат Европы
Фото: Фото: кадр из видео Спорт Шредингера

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысындағы жетінші турында Қазақстан құрамасы Даниияға есе жіберді, деп хабарлайды Kazinform.

Қазақстандық футболшылар H тобында сынға түсіп жатыр. Қазірге дейін ел құрамасы 12 ұпай жинап, төртінші орында тұрған еді. Ал екінші орындағы Данияның еншісінде 13 ұпай бар болатын.

Сондықтан бүгінгі кездесуде құрамалар жеңіске жетуге күш салып, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартуға күш салды.

Алғашқы минуттан даниялық футболшылар жылдам гол соғуға ұмтылды. Дегенмен ойынның 36-минутына дейін қақпа құлпы ашылған жоқ. Даниялық Йонас Винд сол уақытта өз құрамасын алға шығарды. Одан кейін Роберт Сков 45, 48-минутта есепті үстемелей түсті.

Ойынның 58-минутында қазақстандық Роман Вороговский мергендік танытты.

Осылайша қазақстандық құрама қарсыласына 1:3 есебімен есе жіберді.

Енді олар алдағы ойынын 17 қазанда сырт алаңда Финляндияға қарсы өткізеді.

Еске салсақ, жетінші турда Словения Финляндияны, Солтүстік Ирландия Сан-Мариноны 3:0 есебімен жеңді.

Соңғы жаңалықтар