Футболдан Қазақстан құрамасының 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Сан-Марино және Словения құрамаларымен кездесуінің қай телеарнадан көрсетілетіні белгілі болды, деп хабарлайды Kazinform.
Аталған ойындарды «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.
Ел құрамасы H тобында 8 ойыннан кейін 15 ұпай жинап, үшінші орында тұр. Алғашқы екі орындағы Словения мен Данияның еншісінде 19 ұпайдан бар.
Алдағы екі ойында жеңіске жеткен жағдайда Қазақстан құрамасының құрлықтық дода финалдық сатысына жолдама алуына мүмкіндігі бар. Словенияға қарсы «Астана Арена» стадионында өткен бірінші ойын 1:2 есебімен қарсылас команданың пайдасына шешілсе, Сан-Мариноны сырт алаңда 3:0 есебінен жеңген болатын.
17 қарашадағы Қазақстан-Сан-Марино кездесуін «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде ұсынады. Ал 20 қарашада сырт алаңдағы Словенияға қарсы ойыны «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары арқылы сағат 01:45-те көрсетіледі.
Еске салсақ, Қазақстан құрамасының алдағы ойындарына кімдер қатысатыны белгілі болды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.