EURO-2024: Қазақстан құрамасының алдағы ойындарына кімдер қатысады

футбол
Фото: kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысындағы соңғы екі кездесуіне қатысатын ойыншылардың нақты тізімін жарияланды, деп хабарлайды Kazinform. 

Қазақстандық футболшылар қараша айында екі ойын өткізеді.

Алдымен 17 қарашада елордадағы «Астана Арена» стадионында Сан-Мариноны қабылдаса, 20 қарашада сырт алаңда Словениямен шеберлік байқасады.

Алдағы екі ойынға қатысатын ойыншылардың нақты тізімі төмендегіше:

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Бағдат Қайыров, Руслан Валиуллин (екеуі де – «Тобыл»), Ян Вороговский, Александр Марочкин, Тимур Досмағамбетов (барлығы – «Астана»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Еркін Тапалов («Қызылжар»), Лев Скворцов («Химки», Ресей); 

құрама
Фото: kff.kz

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов («Копер», Словения), Максим Самородов, Арман Кеңесов (екеуі де – «Ақтөбе»), Аслан Дарабаев, Абзал Бейсебеков, Исламбек Қуат (барлығы – «Астана»), Бақтиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Александр Зуев (ИМТ, Сербия), Ислам Чесноков («Тобыл»);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Астана»), Вячеслав Швырев («Қайрат»), Иван Свиридов («Шахтер»).

Айта кетсек, ел құрамасы H тобында 8 ойыннан кейін 15 ұпай жинап, турнир кестесінде үшінші орында келеді. Алғашқы екі орындағы Дания мен Словенияның 19 ұпайы бар. Алдағы екі ойында жеңіске жеткен жағдайда Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионаты финалдық сатысына тікелей жолдама алды.

құрама
Фото: kff.kz

 

Соңғы жаңалықтар