Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысы жетінші турындағы Қазақстан құрамасының Сан-Мариноға қарсы құрамы жарияланды, деп хабарлайды Kazinform.
Бас бапкер Магомед Адиев алғашқы минуттан Шацкий, Қайыров, Малый, Марочкин, Быстров, Досмағамбетов, Чесноков, Бейсебеков, Зуев, Оразов, Айымбетовке сенім артты.
Капитандық міндетті Абзал Бейсебеков атқарады.
Ал Сан-Марино құрамасы сапында алғашқы минуттан Бенедеттини, Този, Росси, Ди Майо, Фабри, Баттистини, Лаццари, Муларони, Капиккьони, Голинуччи, Нанни жасыл алаңға шығады.
Айта кетсек, кездесу бүгін, 17 қарашада елорда уақытымен 21:00-де «Астана-Арена» стадионында басталатды.
Ойын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетіледі.
Еске салсақ, Қазақстан мен Сан-Марино матчына билет толық сатылып кетті.
Сондай-ақ, аталған кездесуде австриялық төрешілер бригадасы қызмет атқарады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.