Швейцария астанасы Ньон қаласында 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды. Қазақстандық футзалшылар алтыншы топта Армения, Дания және Албания құрамаларымен ойнайды.
Құрлықтық дода 2026 жылдың 18 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында Литва және Латвияда өтеді. Іріктеу турнирі 2024 жылдың 9 желтоқсанында басталады. Іріктеу сатысында құрамалар әрбір қарсыласымен өз және сырт алаңда екі ойын өткізеді.
Алғашқы екі тур 2024 жылдың 9-18 желтоқсан аралығында болса, 3-4 тур 2025 жылдың 27 қаңтар — 5 ақпан, 5-6 тур 7-16 сәуір күндеріне белгіленген.
Еске салсақ, бұдан бұрын футзалдан әлем чемпионаты финалдық сатысындағы Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды.
Дүбірлі дода биылғы жылдың 14 қыркүйек-6 қазан аралығында Өзбекстанның Ташкент, Бұхара және Әндіжан қалаларында болады.
Ел құрамасы D тобында сынға түседі. Қарсыластары — Испания, Жаңа Зеландия және Ливия құрамалары.