— Еуропалық Одақтың жаңа мүшелері бірнеше жылға сынақ мерзімі шарттарымен қабылдануы мүмкін, — деп жазды комиссар Х әлеуметтік желісінде.
Оның айтуынша, осы кезеңде олардың құқықтары шектелуі мүмкін, тіпті ЕО талаптарының барлығына сай келмесе, қауымдастықтан шығарылады.
Сондай-ақ Марта Кос Еурокомиссия «ЕО-ның құқық үстемдігі стандарттарын бұзған жағдайда жаңа мүшелердің құқықтарын тоқтата тұруға мүмкіндік беретін жаңа ережелер» әзірлеп жатқанын растады.
Financial Times газетінің хабарлауынша, Еуропаның бірнеше астанасы Украина, Молдова және Батыс Балқан елдерін ЕО-ға қабылдауға қарсы. Олар бұл елдер Еуроодаққа қосылған кезде демократия, БАҚ еркіндігі және соттардың тәуелсіздігі жөніндегі ЕО нормаларын әлсіретеді деп қауіптенеді.
Бұған дейін Еуропалық одақ 2030 жылға дейін жаңа мүшелер қабылдауы мүмкін екенін жазған болатынбыз.