Спортшы ресейлік Дмитрий Рахмановпен жекпе-жекке шықты. Дастан айқастың басында-ақ рингтің ортасында тұрып, қарсыласын ауыр соққылармен есеңгіретті. Айқас қорытындысы жанкүйерлер күткендей болды. 16 жастағы қазақстандық боксшы бірінші раундта нокаутпен жеңді.
13:20, 28 Ақпан 2019
Еуропа мен Азиядағы ең жас боксшы Дастан Сәдуұлы ресейлікті нокаутқа түсірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан боксының болашақ жарық жұлдызы, Еуропа мен Азиядағы ең жас боксшы Дастан Сәдуұлы Ақтөбедегі бокс кешінде жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Вконтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіби бокс» парақшасына сілтеме жасап.