Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Кошта Ақордаға келді
16:48, 04 Желтоқсан 2025
АСТАНА. KAZINFORM - Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Кошта Мемлекет басшысымен келіссөз жүргізу үшін Ақордаға келді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мәртебелі мейманды Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алды.
Осыған дейін Астанаға Еуропалық Кеңес президенті Антониу Кошта ресми сапармен келетіні туралы жаздық.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Кошта келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастықтың даму перспективасын талқылайды.