Еуропалық Одақ ең ірі партия басшысын таңдады

Фото: Фото: wikipedia

АСТАНА. KAZINFORM  - Бүгін Испанияның Валенсия қаласында «Еуропа халықтық партиясының» конгресі өтеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Бір күн бұрын Еуропаның ең ірі орталық-оңшыл халық партиясы өзінің төрағасы Манфред Веберді екінші үш жылдық мерзімге қайта сайлады.

Неміс депутаты өткен жылдың соңында ішкі билік үшін күрестен кейін партияның ең үлкен делегацияларының қолдауына ие болып, жеңіске жеткен.

EХП – Еуропалық Одақтың ең ірі саяси күші. Бұл партияның 14 Еуропалық комиссары, Еуропалық кеңесте 12 көшбасшысы бар және 188 заң шығарушыдан тұратын Еуропарламенттегі ең үлкен саяси топ болып саналады.

Іс-шараға Еуропалық комиссия төрағасы У.Ляйен мен Еуропарламент төрағасы Р.Метсола қатысады.

Конгресс барысында сондай-ақ партияның вице-президенттері, бас хатшысы мен қазынашысы сайланады.

Еуропарламенттің жекелеген мүшелеріне қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. 2022 жылдан бері адам құқықтары жөніндегі кіші комитеттің басшысы, бельгиялық Еуропарламент депутаты Мария Арена да тергеу орбитасында.