Еуропалық одақ Қазақстан мұнайының экспортына кедергі келтірмейді

АСТАНА. KAZINFORM — Еуропалық одақтың санкциялар жөніндегі арнайы өкілі Дэвид О’Салливан журналистерге арналған брифинг барысында бірқатар сауалға жауап берді.

Фото: freepik

Оның айтуынша, Еуропалық одақ Қазақстаннан жеткізілетін мұнайға ешқандай шектеу қоймаған. Қазіргі таңда қазақстандық мұнай ЕО-ның энергия қажеттілігінің шамамен 11-12 пайызын қамтамасыз етіп отыр.

— Біз Қазақстан мұнайына қатысты ешқандай кедергі келтірмейміз. Керісінше, оны жеткізудің тұрақты жүйесі маңызды, — деді ол.

Айта кетейік, Трамп ресейлік мұнайға салынған санкцияларды уақытша жеңілдетті.