АСТАНА. KAZINFORM — Еуропалық одаққа мүше мемлекеттер ресейлік компаниялар мен жекелеген тұлғаларға қарсы бұрыннан қолданыстағы санкцияларды тағы алты айға ұзартуға келісті. Бұл туралы ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Кая Каллас әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды DW.
Калластің айтуынша, Еуропалық одақ Ресейге қарсы 19-шы жаңа санкциялар пакетін әзірлеуді аяқтап жатыр. Оның сөзінше, бұл пакет Ресейдің «көлеңкелі флотына» және банктеріне бағытталмақ.
Сондай-ақ ресейлік мұнайды сатуға қосымша шектеулер енгізіледі.
— Біз Путиннің соғыс жүргізуге қажетті қаржы көздерін бұғаттай беретін боламыз, — деді еуропалық дипломатия басшысы.
БАҚ мәліметінше, жаңа пакет аясында ЕО Ресей азаматтарына туристік визаларды беруді одан әрі шектеуі мүмкін.
Бұған дейін еуропалық үштік Иранға қарсы санкцияларды қайта енгізу процесін бастағаны хабарланған болатын.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.