Отандасымыз 500 метр қашықтықта күміс медальға ие болды. Кошкин жарысты 33.67 нәтижесімен аяқтап, жеке көрсеткішін жаңартты.
Бірінші орынды нидерландтық Йеннинг Де Бу (33.63) жеңіп алды. Оңтүстіккореялық Юн Хо Ким 33.78 көрсеткішімен үшінші болды.
Осыған дейін мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың АҚШ-та өткен Гран-при кезеңінде күміс медаль жеңіп алғаны туралы жаздық.
Қысқа бағдарламада спортшымыз үшінші нәтиже көрсетті. Ал еркін бағдарламада Шайдоров 161,42 ұпаймен көш бастады.
Екі бағдарламаның қорытындысы бойынша ол 251,09 ұпай жинап, жалпы есепте екінші орын алды. Франция өкілі Кевин Аймоз жарыс жеңімпазы атанды. (253,53 ұпай). Қола медальді жапониялық Казуки Томоно жеңіп алды (245,57 ұпай).