Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қзыметі мәлім етті.
«Жоба авторлары аталған алгоритмнің тиімділігін COVID-19 вирусын анықтау есебіне қолданып тексерді. Қазақстандық ғалымдар шешімі табылмаған 7 «мыңжылдық есебінің» екіншісін - P және NP кластарының теңдеуі арқылы шешуге болады деген нұсқа ұсынып отыр. Бұл заманауи информатиканың ең күрделі мәселесі және оның шешімі кез-келген деректерді компьютерлік өңдеу процестерінің принциптері мен жылдамдығын түбегейлі өзгерте алады», - дейді
Министлік ұсынған дерек бойынша, бұл ғылыми жаңалық қазақстандық ғалым, техника ғылымдарының докторы, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің профессоры, «Буран» ғарыш кемесінің борттық басқаруының автоматтандырылған жүйесін әзірлеушілердің бірі Бақтыгерей Синчевтің басшылығымен жасалған. Оның қасында бағалау және басқару саласындағы маман, New Aeon IT-компаниясының директоры Жанна Ақжанова мен Бақтыгерей Синчевтің ұлы, Ақпараттық технологиялар саласындағы сарапшы Асқар Синчев бар.
«Егер қазақстандық ғалымдардың шешімі әлемде жаппай қолданысқа ие болса, интернет арқылы алынатын кез келген қызметтер біздің әрқайсымыз үшін жаңа тараптан ашылады. Мысалы, онлайн-брондау барысында технология тұтынушылар үшін мүмкіндіктердің кең таңдауын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге бағаның төмендеуін, ыңғайлы маршруттарды және ұшудың барынша қолайлы ұзақтығын да қамтамасыз етеді. Осылайша, тіпті әуе билеттерін іздеудің қарапайым қосымшасы барлық мүмкін нұсқаларды өңдеу жылдамдайды», - дейді жоба авторларының бірі, New Aeon компаниясының бас директоры Жанна Ақжанова.
Ведомствоның ақпараты бойынша, әлемдік онкология институттарының бірінің аталған алгоритмді қолдану туралы келісім жасаған.
Алгоритмнің тұсаукесері Expo 2020 Dubai шеңберінде ҚР Ұлттық павильонының алаңында өткенін айта кету керек.