«Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің қызметкерлері 14 тамыз күні Шу ауданында шаруа қожалығының басшысы мен оның қызын пайдакүнемдікпен өлтірген күдіктіні ізін суытпай ұстады», - деді Алмас Садубаев.
Департамент басшысының сөзіне қарағанда, күдіктіден мотоцикль, ноутбук, ұялы телефон және ақша тәркіленді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
17:30, 15 Тамыз 2018
Фермерді қызымен бірге өлтірген күдікті ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында шаруа қожалығының басшысын және оның қызын өлтірген күдікті ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.