Диалло UEFA атқару комитеті мен FIFA кеңесінде ұсынылған еуропалық футбол қауымдастықтарының қолдауына ие болды. Шешім 16 қарашада UEFA басшысы Александер Чефериннің төрағалығымен өткен отырыста бірауыздан қабылданды. Жапон футбол қауымдастығы өз кезегінде Тасиманың кандидатурасын 17 қарашада ресми түрде ұсынды.
FIFA регламентіне сәйкес, үш өтінім де тексеру жүргізіп, кандидаттарды жіберу туралы шешім қабылдайтын сайлау комиссиясына беріледі. Сайлауға қатысушылардың түпкілікті тізімі ұлттық қауымдастықтарға 2027 жылғы 18 ақпаннан кешіктірілмей жеткізілуі тиіс.
FIFA-ның жаңа президентін сайлау 2027 жылғы 18 наурызда Рабатта (Марокко) өтетін ұйымның 77-ші Конгресі аясында өтеді.
Джанни Инфантино әлемдік футболды 2016 жылғы ақпаннан бері басқарып келеді. 2023 жылы ол кезекті мерзімге қарсылассыз қайта сайланған еді. Енді оған басқа үміткерлермен сайлауға қатысуға тура келді.
Еске салсақ, футболдан Қазақстан құрамасы 2028 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің жеребе тарту рәсімі алдында қай себетке орналасқаны белгілі болды.