Ер адам сауда орталығынан өзі шықпас бұрын барлық тұтқындарды босатқан.
Еске салайық, жұмыстан шығарылған күзетші дүйсенбі күні таңертең сауда орталықтарының бірінде адамдарға оқ атып, 30-ға жуық қызметкердітұтқынға алған болатын.
Қала мэрі Фрэнсис Замора күдікті пистолетпен қаруланғанын мәлім етті. Ол сауда орталығындағы адамдардың біріне оқ атқан. Зардап шегуші таяу маңдағы ауруханаға жеткізілді.
Ф.Замора полицейлердің қаскүнеммен сөйлесуге тырысқанын хабарлады.
«Ол өзін жұмыстан босатқаны үшін ашулы болды», - деді Замора журналистерге. Басқа да күзетшілерді өзіне қосылуға үгіттемек болған. Алайда, дегеніне жете алмаған. Сондай-ақ, ол қолында тапаншадан бөлек, граната болғанын айтқан. Дегенмен, полиция бұл фактіні растаған жоқ.