Зілзала ошағы Давао Дель Сур провинциясында тіркелді. Сейсмологтардың мәліметінше, жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 04:30 шамасында байқалған.
«Зілзала ошағы 30 шақырым тереңдікте орналасқан», - деп атап өтті мамандар.
Кейінгі 24 сағат ішінде Миндородан 300 шақырым аймақта тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Қираған ғимараттар мен зардап шеккендер туралы мәлімет әзірге жоқ.