Бүгін Филиппиннің шығысындағы Минданао өңіріне жақын маңда 7,5 магнитудасымен жер сілкінді. Кazinform бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығына (EMSC) сілтеме жасап хабарлайды.
Зілзала Бутуанадан (халқының саны 309 мың) оңтүстік-шығысқа қарай 102 км, Тагбинадан (халы саны 10 600 адам) шығысқа қарай 19 км қашықтықта болды.
Жерасты дүмпуінің ошағы 63 шақырым тереңдікте орналасты.
Цунами қаупі туралы ескертілді.
EMSC сайтындағы мәліметке сүйенсек, бүгін Филиппинде жер бірнеше рет сілкінген.
Гүлмира Алякпарова
«Қайнар» университетін – «қазақ тілі және әдебиет», Д.Қонаев атындағы Көлік және құқық гуманитарлық университетін «экономика» мамандығы бойынша аяқтаған.
«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.
«ҚазАқпарат» ХАА-да 2004 жылдан бері қызмет атқарып келеді.