Филиппин Ұлттық полициясының мәліметінше, Минданао аралының солтүстігінде және орталығында мектептер, ауруханалар және тұрғын үйлерді қоса алғанда 37 ғимарат зақымдалған.
Зардап шеккен аудандарда полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Олар халыққа көмек көрсетуде, сондай-ақ келтірілген залалды бағалау жұмыстары жалғасып жатыр.
Филиппин президенті кіші Фердинанд Маркос жер сілкінісі болған Минданаоның оңтүстік жағалауының бірнеше ауданында сабақты тоқтатуды бұйырды. Мемлекет басшысы сонымен қатар үкіметтік ведомстволарға табиғи апат салдарын жою жұмыстарын үйлестіруді, гуманитарлық көмек көрсетуді және эвакуациялық орталықтардың жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды.
Хенераль-Сантоста жер сілкінісі бірнеше ғимараттың құлауына әкелді. Аралдың кей аудандарында электр қуатының үзілуі туралы хабарланды. Хенераль-Сантос әуежайының жұмысы да тоқтатылды. Филиппин жанартаутану және сейсмология институты цунами туралы ескерту жариялады.
Осыған дейін Филиппинде салынып жатқан көпқабатты ғимарат құлап, адамдар мерт болғаны хабарланған еді.