Inquirer порталының мәліметінше, Филиппин Білім министрлігінің дерегіне сәйкес, Минданао аралында болған жер сілкінісі мен кейінгі афтершок салдарынан бес өңірде орналасқан 6224 мектеп зардап шеккен. Бұл оқу орындарында 3,2 миллионнан астам оқушы білім алады, сондай-ақ 128 мыңнан астам мұғалім мен қызметкер жұмыс істейді.
Министрлік таратқан мәлімдемеде зардап шеккен аймақтардағы сабақтар оқушылардың, мұғалімдер мен мектеп қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қосымша хабарламаға дейін тоқтатылғаны айтылған.
Білім министрі Сонни Ангара барлық зардап шеккен мектептерде қауіпсіздік тексерістерін жүргізуді және шұғыл көмек көрсетуді, сондай-ақ шығынды бағалау үшін құрылыс инженерлерін жіберуді тапсырды.
Бүгін, 8 маусымда Филиппиннің оңтүстік жағалауында магнитудасы 7,8 болатын жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпулері ғимараттардың қирауына себеп болып, жағалау маңында биіктігі бір метрге дейін жететін цунами толқындары байқалды. Ең қатты зардап шеккен елді мекендердің бірі — Минданао аралындағы Генерал-Сантос қаласы.
Еске сала кетейік, бүгін Филиппинде 7,8 балдық зілза болып, артынша цунами қаупі жарияланды.