Филиппиндегі жер сілкінісі: 8 адам қаза тауып, 60 адам жарақат алды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН – МАНИЛА. ҚазАқпарат – Сенбі күні Филиппинде жер сілкінді. Зілзаладан 8 адам қайтыс болды, 60 шақты адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNBC-ге сілтеме жасап.

Филиппин үкіметініңтаратқан ақпаратына сәйкес, 5,4 магнитудалы жер сілкінісі Батанес аралындаболған. Артынан 5,9 магнитудалы тағы бір жер сілкінісі қайталанған. Біразуақыттан соң тағы да қатты жер асты дүмпуі сезілген.

Негізгі жерсілкінісінің салдарынан 5 адам қаза тапты, ал одан кейінгі жер астыдүмпулерінен тағы үш адам көз жұмған. Бұл туралы Reuters агенттігіне елдің Төтеншежағдайлар жөніндегі ұлттық кеңестің атқарушы директоры Рикардо Джаладхабарлады.

Айта кету керек,Филиппин елі сейсмикалық жіне жанартау қаупі жоғары Тынық мұхиттың оттысақинасында орналасқан.

Аударған АлмасЖексенбаев

Соңғы жаңалықтар