secureteam10 Youtube-арнасында осы жаңалық жайлы бейнебаян жарияланды, деп жазады Sun. Көп уақыттан бері әртүрлі ғажап құбылыстарды зерттеп жүрген Скотт есімді уфолог алып пирамидалар Нью-Провиденс аралының жанында, су астында жатқанын айтады.
Оның сөзіне қарағанда, пирамидалар анық көрініп тұр. Пирамидалардың болуы бұл төңіректі ежелден адамдар мекендегенін, тіпті ацтектер өркениеті болуы мүмкіндігін көрсетеді.